«Қазақстандағы орыс тілі — жаңа көкжиектер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау Мәскеуде өтті.
Әрине: өйткені, олар қиын іріктеуден өтіп, байқаудың 161 қатысушысының арасынан үздік атанғандар! Содан кейін Ресей Федерациясының астанасында Қазақстан Республикасы елшілігінің істерінде уақытша сенім білдірілген өкілдің Еркебулан Бектургановтың қатысуымен Россотрудничества басшысының орынбасарыжәне Ресей гуманитарлық миссиясы Бас директорының орынбасары Татьяна Орлованың қолынан марапаттар алды.
Ресей қазір көптеген жобалар аясында Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыруда, ал орыс тілін ұлтаралық қарым — қатынас құралы ретінде танымал ету-екіжақты өзара іс-қимыл басымдықтарының бірі. Сол себепті Россотрудничество, РФ- ның ҚР-дағы Елшілігі, Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық қауымдастығы (МАПРЯЛ), Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының қазақстандық қауымдастығы қолдауымен АНО «Орыс гуманитарлық миссиясын» «Қазақстанда орыс тілі-жаңа көкжиектер» конкурсын өткізу өте маңызды және заңды нәрсе екені анық. Жоба, айтпақшы, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің президенттік гранттар қоры берген азаматтық қоғамды дамытуға арналған гранты аясында жүзеге асты.
Сонымен, жеңімпаздар өздерінің лайықты марапаттарына ие болып қана қоймай, байқаудан алған әсерлерімен бөлісті және, әрине, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
—Біздер, қазақстандық мұғалімдер үшін Мәскеуге барып қайту маңызды оқиға болды-деді Қостанай облысының Рудный қаласындағы Дмитрий Карбышев атындағы №14 мектептің мұғалімі Асхат Алтыбаев.
—Орыс мәдениетімен, тілді оқытудағы жаңашылдықпен, жаңа әдебиеттермен таныстық және осылардың барлығы,біздің педагогикалық қызметімізде керек болатыны сөзсіз.
— Біздің елімізде орыс тілінің мұғалімі болу - бұл өте сұранысқа ие мамандық, — деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Қасым Аманжолов атындағы мектебінің мұғалімі Канслу Курметова. — Ауылдан еңбек жолын бастайтын жас мұғалімдер, үкіметтен тұрғын үй және басқа да артықшылықтарға алады.
Педагогтың айтуынша, оның мектепті бітіріп шыққан түлектерінің көпшілігі Ресейдің жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтарды таңдайды екен.
—Оқытушының басты міндеті-балаларымыздың талантын ашу, - деп атап өтті Қарағанды облысы Қайнар ауылының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебінің мұғалімі Гүлмира Кәрібаева.
— Осы шығармашылық бәсекеге қабілетті жобаның арқасында біз үлкен тәжірибе алдық, оны біз оқытушылық тәжірибемізде міндетті түрде қолданатын боламыз. Мұндай жобалар қазақстандық қоғамда орыс тілін дәріптеу үшін өте қажет. Россотрудничествоға және Орыс Гуманитарлық Миссиясына осы байқау өткізілгендігі үшін үлкен алғыс білдіремін.
Байқау жеңімпаздарының пікірінше гуманитарлық-білім беру жобалары орыс тілін оқытуда маңызды рөл атқарады.
—Біз Қазақстандағы орыс тілі оқытушыларының қызметін жоғары бағалаймыз, олардың еңбегі әртүрлі аймақтардағы және әртүрлі әлеуметтік топтардағы балаларға тамаша білім алуларына мүмкіндік береді, — деп қорытындылады Россотрудничество басшысының орынбасары Алексей Полковников.
— Біздің ортақ жобаларымыздың сәтті жүзеге асырылып жатқанына өте қуаныштымыз. Бұл Ресей мен Қазақстанның білім беру саласын одан әрі бірлесіп дамыту үшін негіз-тірек болып табылады.
— Біз орыс тілі мен әдебиетінің ең шығармашыл, бірегей және талантты оқытушыларын жинай алдық және біздің өкінішпен айтатын жалғыз нәрсеміз — олардың саны байқау шарттары бойынша онмен ғана шектелгендігі, - деп түсіндірді Ресей Гуманитарлық Миссиясының бас директоры Сергей Шевчук.
— Шын мәнінде осындай керемет педагогтар Қазақстанда әлдеқайда көп! Әлемдік мәдени астаналардың бірі — Мәскеуде өткізген уақыт біздің жеңімпаздарымызға көптеген әсерлер қалдырды деп үміттенемін және әріптестері мен студенттеріне айтуға тұрарлық және есте қаларлық нәрселер әлбетте болды. —Байқауға қатысқандардың барлығына соның ішінде финалға өтпегендерге де алғыс білдіремін, Қазақстанда бізді қабылдаған қонақжайлылыққа да, өз кәсібіне адалдығы және орыс тіліне деген шексіз сүйіспеншілігі және дұрыс түсінігі үшін алғыс айтамын!
Ал жобаның бас үйлестірушісі және Ресей Гуманитарлық Миссиясы бас директорының орынбасары Татьяна Орлова ТМД елдері арасында бірыңғай байқау өткізу жоспарлары туралы мәлімдеді.
Галина ВЫБОРНОВА