Қазақстан мен Ресейдің мәдени ортадағы өзара ынтымақтастығын кеңейтетін және тереңдететін жаңа құжаттардың тууын күтпестен,энтузиастар адамдарға жаңа өнер мерекелерін тарту етуде. Солардың бірі «Театралды Еуразия» халықаралық фестивалі болды.
Жастар, алға шығындар!
14 қазанда Астанада өткен саммитте ТМД көшбасшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың орыс тілін қолдау және ілгерілету үшін халықаралық ұйым құру бастамасын бірауыздан қолдады. Оның орыс әріптесі атап өткендей, орыс тілі тек ұлтаралық тіл ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық қарым-қатынас тілі. Оның қызметі тұжырымдамасының жобасы бекітілді және басты міндеті -орыс тілі мен Достастық мемлекеттер тілдерінің үйлесімділігі негізінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты сақтау және нығайту.
Жаңа ұйым әлі заңнамалық рәсімдеу кезеңінен өтіп жатыр,ал Астанада «Театралды Еуразия» халықаралық фестивалі өтті. Алайда, ТМД-ның болашақ бірлескен органының тұжырымдамасында жазылған міндеттер Қазақстанда бұдан ертерек, тек Астанада ғана емес, басқа да елді мекендерінде шешімін тауып жатқандығын мойындау қажет.
Сөз кезегін жоғарыда айтылған фестивальге қайта бұрайық. Ол тек театрландырылған ғана емес, сонымен қатар басқа құрамдас бөлікті де қамтыды- Қазақстан Республикасындағы Ресей отандастарының V Жастар форумын өткізу. Барлық осы ауқымды іс-шараны БҰҰ, Еуразия халықтары Ассамблеясы, Еуразиялық мәдени орталық және «Мәдени маусымдар» қоры жәрдемдесу құрылымдарының қолдауымен Астанадағы Орыстар үйі ұйымдастырды.
Осы форумның модераторы-Ассамблея төрағасының орынбасары Эльмира Муратбековна Щербакова-еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген жастармен «Волонтерлік және тұрақты даму» форсайт-сессиясын ұйымдастырып, өткізді.
Жарты жүзден астам жас адамдар үш командаға бөлінді, олардың әрқайсысына өз тапсырмалары берілді: келесі тақырыптар бойынша жобаларды ұсыну және қорғау: мәдени, корпоративтік және аймақтық волонтерлік. Барлық үш команда әрбір ұсынылған әрбір жобаны БҰҰ аясында жүзеге асыру көзқарасы тұрғысынан бірлесіп талдады.
Фестивальға қатысқан жастар жаңа ғана болып өткен миға шабылдан қатты әсер алып, мынадай пікірлер айтты.
«Пайда әкелетін идея бүкіл команданың жүрегінде,ойында және қолында болғанда, оны жүзеге асыру әлдеқайда оңай. Біз бірге күшпіз!»- Виктория Чернова.
«Осындай интерактивтер білімдерді тәжірибеде қалай қолдануға болатындығын көрсетеді. Бұл жобалардың күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді»,- Лилия Кужаева.
«Жаңа нәрсеге «есіктер» ашылды десе де болады. Жастарға арналған мұндай форумдар тектен-тек бекер өткізілмейді», - деді Татьяна Капуова.
«Бұл формат білімді оңай және ұзақ уақыт бойына сіңіріп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі аймақтардағы әріптестермен танысуға, достасуға мүмкіндік береді. Мен үшін бұл екі күндік жұмыс бір демде өтті», - деді Вероника Антипова.
Эльмира Щербакованың айтуынша,осылайша жастар тұрақты даму мақсаттарына қолжеткізу үшін БҰҰ-ның бағдарламаларын біліп қана қоймайды. Олардың қоршаған ортаны қорғау, инновацияларды дамыту, мәдениет пен ұлттық дәстүрлерді сақтау жобаларын халықаралық сарапшылардың сотына шығаруға бірегей мүмкіндігі болады.
Эльмира Муратбековна болса, мұқият зерделеп, сараптамалық бағалаудан өткізгеннен кейін жас қазақстандықтардың көптеген идеялары БҰҰ-ның қажетті қолдауына ие болатынына сенімді.
Джульетадан махаббат туралы сұрама
«Театралды Еуразия» фестивалінің бастапқы бөлігі Көкшетауда басталып жалғасын елордада тапты. Астанадағы орыс үйінің ғимаратында Максим Горький атындағы жергілікті драма театрының труппасы мен шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері Мәскеудегі «Заманауи пьеса мектебі» театрының жетекші актерлері Александр Галибин (көрермендердің аға буыны оны Пашка-Американы ойнаған «Пятницкаядағы қонақ үй» фильмінен танып еске түсіре алады. Бұл сурет 1978 жылы жарық көрді және алты айда 54 миллионнан астам адам қарады. - Автор.) және Вадим Колгоновпен кездесті.
Кездесу теартдағы еңбек жолын енді бастаған актерлердің перфоманстарынан басталды. Жастар өздерін сенімді ұстады, бірақ олардың ішкі толқулары байқалды, себебі олар емтиханды белгілі шеберлердің алдында тапсырғандай күйде болды.
Содан кейін театрлық ЖОО оқытудың әдістемесі, жаңа қойылымдар туралы сұрақтар легі жауды. Қарым-қатынастың одан әрі барысын бағамдай отырып, Ресейдің халық әртісі, ГИТИСа профессоры Александр Галибин келесілерді аңғарды:
— Мұндай кездесулер мен үшін өте қымбат, олар әрдайым шеберлік сабақтары ретінде басталады, бірақ ашық әңгімелермен аяқталады, онда барлық қатысушылар өнермен түйіскен өздерінің тәжірибелерімен және ойларымен бөліседі.
Галибиннің өзі де өз ойын ашық білдірді. Біреу одан қазіргі кездің театр институттарының абитуриенттері 70-80 жылдардағы буыннан несімен ерекшеленеді деп сұрағанда, біраз кідіріп, былай жауап берді:
— Қатты айтсам кешіріңдер, — сауатсыздық, мамандыққа дайын болмауымен. «Евгений Онегинді» жазған кім екенін білмейтін адам туралы не айтуға болады? Содан кейін одан шетелдік классиктер: Фолкнер, Голсуорси, Маркес туралы не сұрау керек? Мен студенттерге әдебиетті білмей нағыз актерге айналу мүмкін емес екендігін әрдайым айтамын. Сахнаға шыққан кезде ашылып, өзіңіздің сәулеңізді шашасыз. Ал сіз өз ішіңізден не алып шығасыз, оның ішінде дым болмаса?
Бірте-бірте шынымен ашық әңгіме өрбіді. Тек қонақтар ғана сөйлеген жоқ. Жаңа театр ағымдарына деген көзқарастары, театрларды қолдау қажеттілігі, жастарды оқытуға жаңа технологияларды тарту туралы — Мельпоменнің қазақстандық қызметшілері де барлық жайттар туралы қызу сұрақтарды көтеріп, айтты.
Бұл күн Елордалық «Жастар» театрында Александр Угловтың «Лондон үшбұрышы» пьесасымен аяқталды. Көпшілік тарихтан «декабристер оятқан» Александр Герцен, оның жақын досы және серігі Николай Огарев туралы біледі. Бірақ соңғының жұбайы Натали Тучкова туралы, осы үш адамның, айдауда болды, махаббат қарым-қатынасы туралы аз білетін шығар.
Спектакль туралы айту- арзымайтын, оғаш іс. Спектакльді көру керек. Мүмкін мен ұтымды салыстыру таппаған болармын, ол үшін алдын ала кешірім өтінем, бірақ Галибин (Огарев), Колганов (Герцен) және Джульетта Геринг (Тучкова) ойнайтын бұл «Лондондық үшбұрышта» Бермудтық үшбырыштағы сияқты жоғалып кетуге болатын еді. Ол жоғалу құштарлықтың,қобалжудың, жанталасудың, үмітсіздіктің тұңғиығына еніп кетуде байқалатын еді. Өйткені үш кейіпкердің трагедияға ұласқан ішкі жан-дүниесіне шомып өтпей мүмкін емес болатын.
Әртістердің ойыны байқалмайтын бұл дәл сол жағдай болатын. Сенің көзалдында— өмір. Және,сен соған қарай отырып, әрбір адам жанының бояу түстерінің палитрасы – махаббат, көзге шөп салу, адалдық, өкініш — ең ашық түсті бояу екендігін ұғынасың! Жартылай тон мен олардың ауысуы оларды көлегейлемейді. Керісінше, барлық жан тебіренісін әлдеқайда жарқын ете түседі.
Әртістер тағзым жасауға шыққанда, партердің алдыңғы қатарынан Джульетта –Наталидің көзінен мөлтілдеп тұрған жасты байқап қалуға болатын еді. Ол образдан әлі шықпаған болу керек. Немесе, көрермендердің оған гүлдерді қандай бет-пішінімен ұсынып жатқандығын куә болған болу керек? Кім біледі? Бірақ ол жөнінде, әрине, ол өзі біледі. Бірақ, Джульеттадан махаббат туралы сұрамайды ғой...