9 тамызда Parimatch Tech әлемнің ең үздік клубтарының бірі және 2020/21 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы – «Челси» ФК-ның ресми серіктесі атанды. Келісім-шарт үш жылға жасалды.
Parimatch брендингі «Челси» ФК-ның «Стэмфорд Бридж» жеке стадионында да пайда болады. Parimatch-тің Қазақстандағы жанкүйерлеріне команданың Лондондағы ашық жаттығуларына барып, матч барысында сүйікті клубтарына трибунадан қолдау көрсету мүмкіндігі ұсынылады.
«Челсидің» бірегей стилі мен ерекшелігі Parimatch -тың спортқа деген құштарлығымен және компанияның мақсаттарымен тамаша үйлеседі. 2020/21 Еуропа чемпиондарының ресми серіктесі болу – бұл үлкен жауапкершілік әрі қызығымен баурап алатын құбылыс. Parimatch та жаңа биіктерді бағындыруға талпынатын бренд, сондықтан серіктестікке ұласатын алдағы үш жыл бізге қандай игі нәтиже әкелер деген толқыныстың барын да жасырмаймыз. Біздің екі бренд те үнемі жеңіске ұмтылып, жетістікке жетуге талпынып келеді. Сондықтан бұл серіктестік біздің компанияға да, клубқа да сәттілік, сансыз жетістіктер және әлемнің миллиондаған футбол жанкүйерлеріне қуаныш сыйлайтынына сенімдіміз», - дейді Parimatch Tech компаниясының бас директоры Роман Сиротян.
Бір ғана әлеуметтік желінің өзінде «Челси» ФК-ның жанкүйерлерінің саны 93 млн-ға жеткен. Қазақстанда да клубтың үлкен аудиториясы бары анық.
«Челси» де, Parimatch та биіктерді бағындыруға ұмтылып келеді. Біз жаңашылдыққа толық дайынбыз және біз тек жеңіс үшін күресуге жаралғанбыз. Былтырғы жыл Parimatch үшін жемісті жыл болды деуге болады, олар мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа нарыққа бет алды, сонымен қатар ойынның ережесін түбегейлі өзгерткен бірнеше жобаны іске қосты. «Челси» де клубтың тарихында екінші рет Еуропа чемпионы атанып, өз шеберлігін мойындатты! Біз бұл серіктестікпен мақтанамыз және оның беретін жаңа мүмкіндіктеріне қуаныштымыз», - деді «Челси» ФК-ның бас директоры Гай Лоуренс.
Parimatch Tech — халықаралық өнімдік компания. 1994 жылы негізі қаланған Parimatch брендінің қызметі ойын-сауық алаңы ретінде әлем бойынша төрт құрлықта, он мемлекетте ұсынылған.
Компанияның бас кеңсесі Кипрде, Лимассоле қаласында орналасқан, өндіру орталықтары Украинада, Арменияда, Белорусияда және Кипрде.
Букмекердің ресми бренд-амбассадоры — UFC жұлдызы Конор Макгрегор. Брендтің ресми серіктестері «Лестер Сити» ФК, «Эвертон» ФК және «Ювентус» ФК. Parimatch брендінің Қазақстандағы өкілдері: MMA жекпе-жекшісі Артем Резников, «Кайрат» АФК-ның қақпақшысы Лео Игита, волейболшы Татьяна Демьянова мен боксшы Ангелина Лукас.
«Челси» футбол клубы — әлемдегі ең үздік футбол клубтарының бірі және 2021 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасын жеңгеннен кейін Еуропаның қазіргі чемпионы. Портуда өткен финалда команда «Манчестер Ситиді» 1:0 есебімен жеңді.
1905 жылы құрылған «Челси» командасы Лондонның негізгі футбол клубы болып саналады, команда сыйымдылығы 41000 адамды құрайтын «Стэмфорд Бридж» стадионында ойнайды. «Көктер» Чемпиондар лигасының кубогын алғаш рет 2012 жылы жеңіп алды, сонымен қатар бес рет Премьер-лигада жеңіске жетті, сегіз рет Англия кубогына ие болды, бес рет Футбол лигасының кубогын, екі рет УЕФА Еуропа лигасы мен УЕФА Кубогының жеңімпаздары кубогының УЕФА Кубогын, сонымен қатар 1955 жылы УЕФА Суперкубогы мен Футбол Лигасының чемпионатын жеңіп алған.
2021 жылы Чемпиондар Лигасындағы жеңіс «Челсиді» тарихта УЕФА-ның барлық үш ірі турнирларын екі рет жеңген алғашқы клубқа айналдырды.