Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінде өз ісіне адал, заңдылық пен әділдікті басты қағидат еткен кәсіби мамандар қызмет етеді. Солардың бірі тергеуші Алтынбек Нұрсаулет Алтынбекұлы.
Нұрсаулет Алтынбек құқық қорғау саласында еңбек етіп, экономикалық қылмыстармен күресуде тәжірибесін арттырып келеді. Ол Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құқықтану мамандығын бітірген. Өз қызмет жолын Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында статист ретінде бастап, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясында білімін жетілдірді. Өз қызметінде жоғары кәсібилік пен адалдық танытып, Агенттік төрағасы тарапынан «Үздік тергеуші» марапатына ие болды.
Қазіргі танда Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде тергеуші ретінде жұмыс атқаруда. Оның басты мақсаты қаржылық заңбұзушылықтардың алдын алу, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділдік орнату.
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері заңдылық пен әділдікті сактау жолында қажырлы еңбек етіп, ел экономикасының қауіпсіздігін камтамасыз етуге үлес қосуда. Бұл жетістік олардың адал еңбегінің жемісі.
Тергеу жұмыстары қатаң түрде заң талаптарына сай жүргізіліп, тәртіп пен әділдік қағидаттары басты назарда ұсталады. Қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету зан үстемдігін орнату мен кұкықтық тәртіпті сақтау жолындағы маңызды кадам.