Орталық Азиядағы ең биік 5G нүктесін Tele2 Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында іске қосты.
Tele2 Медеудегі қысқы сырғанаудың 50-ші маусымына орай мұзайдын кешені мен денсаулық баспалдағын 5G технологиясы бар байланыспен қамтамасыз етті. Оператор әлемнің ең биік таулы мұзайдыны деңгейінде бесінші буынды ұялы желімен қамтудың жаңа, үшінші сынақ аймағын іске қосты. Сонымен қатар, қысқы спорт түрлерін жақсы көретіндер мен Шымбұлақ кешенінің қонақтары 1,2 гбит/сек деңгейінде мобильді интернет жылдамдығын байқап көре алады.
«Біз үшін бұл маңызды қадам. Біріншіден, бұл – қазір 5-ші буын байланысы қолжетімді болатын Орта Азиядағы ең биік нүкте. Екіншіден, ойлы-қырлы төңірек, тау сілемдері және құрылғылардың бір уақытта көп мөлшерде шоғырлануы жағдайында 5G технологиясын сынау – оны жаппай енгізуге жақсырақ дайындалуымызға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді «Қазақтелеком» АҚ Сыртқы активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, Tele2/Altel байқау кеңесінің төрағасы Наталья Лян.
Смартфондары осы технологияда өндірушісімен сертификатталған кешеннің мыңдаған келушілері бұдан былай 4G-ден 10 есе асатын интернеттің бүкіл мүмкіндіктерін пайдалана алады.
5G аса жоғары өткізу қабілетін иемденеді және тіпті адамдар көп жиналған жерлерде желіге қол жеткізетін көптеген құрылғыларға бір уақытта қызмет көрсете алады.
Сынақтық іске қосу нәтижелері секундына 1,2 гигабитқа дейін жеткенін атап өткен жөн.
Наталья Лян:
«Қазір біз жаһандық өндірушілердің үлгілері тізбегін кеңейту бойынша орасан зор іс атқарып жатырмыз, мысалы 5G технологиясы Xiaomi, HUAWEI, Vivo өндірушілерінің үлгілерінде, сондай-ақ жуырдан бері Samsung Galaxy: S20 және S21, Z Fold 2 және 3, сондай-ақ Z Flip3 пайдаланушылары үшін қолжетімді болып отыр».
Samsung пайдаланушылары жаңартуларға кезең-кезеңмен қол жеткізетін болады.
Тағы бір маңызды жаңалық – оператор өзінің барлық абоненттеріне 5G технологиясы бойынша мобильді интернетке тарифтелмейтін және шексіз қол жеткізуді ұсынады.
Алдағы айлардың ішінде оператордың техникалық сарапшылары 5G-ге қол жеткізуі бар сынақ аймақтары жұмысының деректерін талдайды, бұл – елімізде технологияны ауқымды түрде өрістету үшін барынша тиімді дайындалуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың шілде айында Tele2 OoklaTM компаниясынан Speedtest® сервис әлеміндегі "Мобильді интернеттің ең жоғары жылдамдығы ", "Үздік қамту" және "Үздік мобильді желі" номинацияларында халықаралық марапаттарға қатарынан екінші рет ие болғанын еске саламыз.